АҚШ президенті Джо Байден Сәуле Омарованы жоғары лауазымға ұсынды
АҚШ президенті Джо Байден Сәуле Омарованы жоғары лауазымға ұсынды
Фото: Twitter
219
оқылды
АҚШ президенті Джо Байден Ақша айналымын бақылау басқармасы басшысы қызметіне Сәуле Омарованы тағайындау туралы ұсынысты ресми түрде Сенат конгресінің қарауына енгізді. Сәуле Омарованың кандидатурасы мақұлданса, АҚШ-тағы Ақша айналымын бақылау басқармасына алғаш рет әйел жетекшілік етеді, – деп жазады Sputnik Қазақстан. АҚШ президенті Джо Байден Ақша айналымын бақылау басқармасы басшысы қызметіне Сәуле Омарованы тағайындау туралы ұсынысты ресми түрде Сенат конгресінің қарауына енгізді.
"Сенатқа жіберілген кандидатура: Сәуле Омарова Ақша айналымын бақылау басқармасының басшысы қызметіне бес жылдық мерзімге ұсынылады, орынбасары – Джозеф Оттинг" делінген Ақ үйдің ресми сайтындағы құжатта.
Жақын арада Сенаттың салалық комитеті Сәуле Омарованың кандидатурасын қарау туралы тыңдау өткізетінін хабарлайды. Одан кейін конгресмендер дауыс береді. Ал комитеттің ұсынысы енгізілгеннен кейін Сенатта соңғы дауыс беру өтеді. Сәуле Омарованың кандидатурасы мақұлданса, АҚШ-тағы Ақша айналымын бақылау басқармасына (Office of the Comptroller of the Currency, OCC) алғаш рет әйел жетекшілік етеді. Бұл құрылым 1863 жылы құрылған. Сәуле Омарованың өмірбаяны Орал қаласының тумасы Сәуле Омарова Корнель университетінде жұмыс істейді. Банк құқығы бойынша профессор дәрежесі бар. Мәскеу мемлекеттік университетінде (1989), Висконсин университетінде (1999) және Солүстік-Батыс университетінде (2001) оқыған. Заң ғылымдарының докторы. Қазақ, орыс және ағылшын тілін біледі. Джордж Буш кезінде Қаржы министрлігінің реттеу саясаты бойынша арнайы кеңесшісі болған. Davis Polk & Wardwell заңгерлік фирмасында бес жыл жұмыс істеген.