Нұрқанат Райыс әлем чемпионатындағы жеңілісі үшін кешірім сұрады
Нұрқанат Райыс әлем чемпионатындағы жеңілісі үшін кешірім сұрады
259
оқылды
Бокстан Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты шарықтау шегіне жақындады. Кеше ширек финалдық бәсекелер аяқталып, жартылай финалға өткен боксшылар анықталды. Алайда, олардың қатарында қазақстандық Нұрқанат Райыс жоқ. Боксшы жеңілістен кейін өз ойын айтты, – деп хабарлайды Olympic.kz. 
"Олимпиададағы олқылықтың орнын толтырып, есемізді қайтарамыз деп барған едік. Бірақ төртінші орынмен аяқтап отырмыз. Жанкүйерлерден басымды иіп кешірім сұраймын. Үміттерін ақтай алмадым. Қарсыласым өте тамаша боксшы. Бар күшімізді салып, өнер көрсеттік. Медальсіз қалғаным үшін тағы да кешірім өтінемін", – деді Нұрқанат.
75 келіде сынға түскен Нұрқанат Райыс ширек финалда италиялық Сальваторе Каваллародан 2:3 есебімен ұтылған болатын. Әлем чемпионатының жартылай финалына бес қазақстандық боксшы шықты.