Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» қарсыластары анықталды
Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» қарсыластары анықталды
150
оқылды

Негізгі кезеңнен сүрінбей өткен 16 команда 4 топқа бөлінді. Бұл кезеңде бақ сынайтын алматылық «Қайрат» футзал командасы А тобында «Тюмень», «ВитЭн» және «Аньер-Вильнев» командаларына қарсылас атанды.

Жалпы жеребенің қорытындысы төмендегідей:
  • А тобында: «Тюмень», «ВитЭн», «Аньер-Вильнев», «Кайрат»
  • В тобында: «Спортинг», «Ховокубо», «Олмиссум», «Синара»
  • С тобында: «Виктория Пльзень», «Добовец», «Халле-Гооик», «Барселона»
  • D тобында: «Бенфика», «Ураган», «Халадаш», «Леванте»
Чемпиондар лигасының элиталық кезеңі 30 қараша мен 5 желтоқсан арасында өтеді. Ал финалдық кезеңге топтың жеңімпазы шығады.

Айта кетейік, «Қайрат» командасы өз тарихында элиталық кезеңге 15 рет шығып отыр. Бұл футзал тарихында рекордтық көрсеткіш саналады.