«Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы аясында қазыналы қарттарға ерекше құрмет көрсеттік – Елнұр Бейсембаев
«Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы аясында қазыналы қарттарға ерекше құрмет көрсеттік – Елнұр Бейсембаев
549
оқылды

Nur Otan партиясы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында 1-30 қазан аралығында онлайн акция өткізді. Акция аясында атқарылған жұмыс жайында әлеуметтік желілерде 1 700-ден астам бейнеролик жарияланды.

Бейнероликтерде аға буын өкілдері өздері туралы, еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері және Елбасының егемен елді қалыптастыру, дамытуға қосқан еңбегін, баға жетпес үлесі туралы айтып, жастарға тілегін білдірді.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Аяулым | SMM | Мобилограф (@tzbkz)

Акцияға  тарих ғылымдарының докторы Ханкелді Әбжанов, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, академик, философия ғылымдарының докторы, партия ардагері Қазыбек Қазкенов, Қазақстанның Еңбек Ері, қоғам қайраткері Аягүл Миразова, ҰОС еңбек майданына қатысқан Надежда Непомилуева, Еңбек сіңірген дәрігер, ҰОС еңбек майданының қатысушысы Мұсағали Меңдіғалиев, мемлекет қайраткері Асылы Осман, химия ғылымдарының докторы, академик Александр Ильин, қоғам қайраткері Қатимолла Бердіғалиев, «Қорық және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, еңбек сіңірген қайраткер Бағдат Кәрбозұлы және тағы басқалар қатысты.

 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Нұржан Жетпісбаев (@nurjan_jetpisbai)

Сонымен қатар  қоғамдық ұйымдар, «Ардагерлер ұйымы», аға буын өкілдерін біріктіретін қалалық ардагерлер кеңесінің қатысуымен бейнероликтер жарияланды.

Акция қорытындысы бойынша сараптамалық комиссия акцияның талаптары мен қағидаларына сәйкес, келетін 83 бейнероликті іріктеп алды. Оның ішінде, тікелей дауыс беру арқылы аудиторияны ең көп қамтитын, ең мазмұнды 30 бейнеролик анықталды.

Аға буын өкілі қатарындағы жеңімпаздарға (бейнеролик кейіпкерлері) 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Жеңімпаздардың бірі – ҚазКСР-ның еңбек сіңірген мұғалімі, тыл ардагері – Надежда Непомилуева.

 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ??SAKHI BEKEMBAI NURLANULY?? (@sakhi_bekembai)

Парламент Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы жанындағы Жас депутаттар корпусын басқаратын Елнұр Бейсенбаев жүзден жүйрік шыққан жеңімпаз, тыл ардагері Надежда Непомилуеваны арнайы құттықтады.

   width= «Қазыналы аға буын ардагерлеріміздің арқасында Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейлі күніне қол жеткіздік. Nur Otan тарапынан еліміздегі ардагерлер жүйелі қолдау тауып келеді. Дегенмен, қауырт, һәм қарбалас заманда қазыналы қарттарымызға кішігірім көңіл бөлуге уақыт таппай жатқан жайымыз бар. Осыған орай, партиямыздың жас белсенділерінің бастауымен қазан айы бойы еліміз бойынша #ArdagerNurOtan онлайн акциясы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға республикамыздың түкпір-түкпірінен ниеттес, ел болашағына алаңдайтын, қазыналы ардагерлеріміздің ақпараттық-танымдық бейнероликтері жинақталды. Жас өрендермен кездескен ардагерлеріміз ел тәуелсіздігін құрудағы құнды әңгімелерімен бөлісті. Қатысушылар қатарында Ұлы Отан және тыл еңбегінің ардагерлері, қоғам және мемлекет қайраткерлері, еңбек ерлері, өңірлердің құрметті ардагерлері болды. Акция аясында республика бойынша 1700-ден астам бейнеролик аға буын өкілдерінен келіп түсті. Біз үшін оның ішінен үздік 30 бейне материалды таңдау оңайға соқпады.    width= Бүгін осы байқаудың жеңімпаздарының бірі, Алматы қаласының тұрғыны, ҚазКСР-ның еңбек сіңірген мұғалімі, тыл ардагері Надежда Непомилуеваны құттықтау маған бұйырды. Ардагер апамыз өзінің 93 жасына қарамастан, белсенділігі мен іскерлігін әлі сақтап келеді. Өлең жазып, Алматы қаласындағы ардагерлер кеңесінде қызмет атқарып келеді. Ел үшін адал қызмет етіп, әлеуметке көмек қолын созған бұл іскер ардагерлер Тәуелсіздік алуымызға үлес қосқан. Оларға алғыс білдіремін.    width= Сондай-ақ жасотандықтармен ақылдаса келе, жас демеушілердің қолдауымен әрбір жеңімпаз ардагерімізге 100 мың теңгеден қаржылай сыйлық беруді ұйғардық», – деді Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев.

Бұған дейін «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы аясында атқарылған игі бастамалар туралы жазған болатынбыз.