"Бесеуі де алтын алатын сияқты": Белгілі бапкер әлем чемпионатына қатысып жатқан қазақ боксшыларына қатысты пікір білдірді
"Бесеуі де алтын алатын сияқты": Белгілі бапкер әлем чемпионатына қатысып жатқан қазақ боксшыларына қатысты пікір білдірді
© inform.kz
164
оқылды
Бокстан әуесқойлар арасында 24 қазанда жалауы желбіреген әлем чемпионатының аяқталуына санаулы күндер қалды. Құрама тізгінін ұстай сала үлкен турнирге жол тартқан Қайрат Сәтжанов бас бапкер ретінде жақсы нәтиже көрсетуде. Қазіргі таңда құрама сапында бес боксшы турнирдің басты жүлдесі – алтын медальға үмітті. Осы орайда Алматы қаласының аға бапкері Бағдат Оңғарбеков Vesti.kz тілшісімен әңгімелесіп, әлем чемпионатында атой салып жатқан жерлестеріміз бен Қайрат Сәтжанов туралы пікір білдірді.
"Биылғы әлем чемпионаты жоғары деңгейде өтіп жатыр. Әсіресе отандық былғары қолғап шеберлері үшін сәтті өтуде деуге болады. Кейбір жекпе-жектерге тоқталсам, 63 келіге дейінгі салмақта Төлтаев жеңіске жетті деп ойлаймын. Жалпы жарыстан шығып қалған жігіттеріміз жеңіске жеткен сияқты көрінді. Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Теміртас Жүсіпов әдемі жекпе-жектер көрсетіп жатыр. Қазіргі таңда өнер көрсетіп жатқан бес боксшымыздың барлығы алтын алатын сияқты. Қай-қайсын болса да бөліп жарғым келмейді. Барлығы алтын алып, әлемді таңғалдыратын шығар деген ойдамын", – деді ол.
Бұған дейін жартылай финалда қазақ боксшылары кіммен және қай уақытта жұдырықтасатынын жазған болатынбыз.