Бесеуі де шығады. Қазақ боксшыларының әлем чемпионатының жартылай финалындағы айқастары тікелей эфирде көрсетіледі
Бесеуі де шығады. Қазақ боксшыларының әлем чемпионатының жартылай финалындағы айқастары тікелей эфирде көрсетіледі
© prosports.kz
203
оқылды
Бүгін, 4 қарашада Белградта (Сербия) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалы өтеді, – деп хабарлайды Vesti.kz. 1/2 кезеңде рингке бірден бес қазақстандық боксшы шығады. 18:00-де басталатын күндізгі сессияда үш боксшымыз өнер көрсетеді. Осылайша, Теміртас Жүсіпов (48 келі) беларусь Евгений Кармильчикпен, Махмұд Сабырхан (54) үндістандық Акаш Кумармен, ал құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов (67) жапониялық Севонрец Окадзавамен айқасады. 23:00-дегі кешкі сессияда Сәкен Бибосынов (51) таиландтық Танарат Саенгфетпен, ал Серік Теміржанов кубалық Освел Кабальеро Гарсиямен финалға жолдама үшін таласады. Qazsport жекпе-жектерді тікелей көрсетеді. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді.