Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке кірісті
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке кірісті
Фото: www.youtube.com
610
оқылды
Қазақстандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке кірісті. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Шоумен 31 арнаның ойын-сауық бағдарламаларының продюсері қызметіне кіріскенін жазды.
«Өмірімнің өрнегі – шығармашылық жолымның жаңа белесіне қадам басқалы отырмын. 1 қарашадан бастап Қазақстанның ақпарат айдынында орны бөлек 31 арнаның ойын-сауық бағдарламаларының продюсері қызметіне кірісемін. Жуырда ғана арна басшылығы ауысып, Құрманбек Жұмағали бастаған заманауи көзқарасы бар медиаменеджерлердің жаңа толқыны келді. Қазір ұжымның қолға алып отырған жоба-жоспарлары менің де көңілімнен шықты», – деп жазды Қабатов.
Ол өз сөзінде ауқымды теле-жобаларды іске асыру үшін үлес қосуға шақыру түскенде көп ойланбастан қабыл алғанын айтты.
«Патша көңілді көрермен көңілінен шығамыз деп ойлаймын. Ендеше, 31 арна назарда болсын!» – деп жазды шоумен.