Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Olympic.kz.
Сербия астанасында бокстан әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері басталды.
48 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық Теміртас Жүсіпов Беларусь спортшысы Евгений Кармильчикпен кездесті. Тартысты жекпе-жек 5:0 есебімен Теміртас Жүсіповтің еншісіне шешілді.
Айта кетерлігі, әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан сапынан тағы төрт спортшы, атап айтқанда, Махмұд Сабырхан, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов және Абылайхан Жүсіпов қолғап түйістіреді.