Сәкен Бибосынов финалда кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды
Сәкен Бибосынов финалда кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды
151
оқылды
151
оқылды
Бокстан Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалдық бәсекесінде қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтың қарсыласы анықталды. Финалда 51 келіге дейінгі салмақта Бибосынов ресейлік Ахтем Закировты 5:0 есебімен жеңген америкалық Роско Хиллмен күш сынасады. Сәкен Бибосынов жартылай финалда таиландтық Танарат Саенгфетті жеңді - 4:1. Сондай-ақ, турнир барысында 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері өзбекстандық Хасанбой Дусматовты (5:0), үндістандық Дипакты (5:0) және колумбиялық боксшы Хуберчен Мартинесті (5:0) жеңді.