«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысында «Денсаулық сақтауды цифрландыру» және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыстары туралы мәселе қаралды.
Комиссия мүшелерінен құралған жұмысшы тобы қала емханаларына жүргізген мониторинг пен өңір тұрғындарымен өткізген сауалнама нәтижесінде азаматтардың көпшілігі денсаулық саласындағы жаңа ақпараттық технологияларды (DamuMed, DamuPro және т. б. қосымшалар) әлі де кең көлемде қолданбайтындары немесе олар туралы мүлдем естімегендері белгілі болды. Цифрландырудың медициналық көмек көрсету процесін өте оңтайландырылатыны белгілі. Пациенттер мобильді қосымшаларды пайдалану арқылы емханаға бармай-ақ зертханалық зерттеулер нәтижелерін алуына болады. Өйткені бұл қызметтердің бәрі смартфонда қолжетімді. Бұл пациенттің уақытын үнемдеуді ғана емес, сонымен қатар кезектің қысқаруына, медициналық қызметкерлердің жұмысын жеделдетуге әсер етеді. Осы орайда, отырысқа қатысқан құзырлы мекемелердің (Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы, ҚеАҚ-ның Атырау облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» филиалы, ҚР ДСМ-нің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» Атырау облыстық филиалы және т.б.) басшыларына азаматтардың сапалы медициналық қызмет алуларын қамтамасыз ету мақсатында тиісті ұсыныстар беріліп, аталған мәселелердің партия бақылауында болатыны ескертілді.Би-Барыс КӨКШЕ