Денсаулық саласын цифрландыру - оңтайлы жүйе
Денсаулық саласын цифрландыру - оңтайлы жүйе
©Сурет интернеттен алынды
504
оқылды
Жаңа кодекстегі «Цифрлы денсаулық» атты  7-тарау негізі жаңа тарау емес. Бұл 7-тарау биылғы жағдайға сәйкес, электрондық денсаулық сақтау саласына байланысты «Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру» бойынша жаңартылды. [caption id="attachment_59924" align="alignleft" width="316"]маржан ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Мемлекет басшысы 2018 жылдың 5 қазандағы Жолдауында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның барлық емханасы мен ауруханасы медициналық құжаттаманы қағазбен емес, цифрландыруға көшуді тапсырған. Соған орай, бүгінде Қазақстанның әр медициналық ұйымда пациенттердің денсаулығы мен қабылданған емдеу-диагностикалық шаралары туралы клиникалық мәліметтер, тіркеудің ішкі бизнес-процестерін автоматтандыруды қамтамасыз ететін дербес медициналық ақпараттық жүйеге көшірілді. Сонымен қаар, денсаулық сақтау интеграциялық платформа да коммерциялық пайдалануға берілді. Платформаның құрылымдық бөлігі – ұлттық денсаулық сақтау паспорты. Электрондық денсаулық паспортын ұлттық деңгейде енгізу – бүгінде бүкіл әлемде денсаулық сақтау жүйесін дамытудың ажырамас бөлігі болып табылады. Ең дұрысы, денсаулық сақтаудың электронды паспортында адамның өмір бойы денсаулығының бүкіл тарихы бар. Тіпті, оның ішінде әртүрлі медициналық ұйымдардың көрсеткен медициналық қызметімен  қамтылуы керек. Тиісінше, 7-тараудағы барлық жаңалық медициналық ұйымдардың бүкіл процестері электронды форматқа көшіруге және денсаулық сақтаудың ұлттық электрондық паспортын енгізуге тікелей байланысты. «Жеке медициналық мәліметтер» сияқты тұжырымдаманы енгізу – маңызды мәселе. Кодекске сәйкес, жеке медициналық мәліметтің иесі -  жеке тұлға болып табылады.  Медициналық жазбаларды электронды форматта қалыптастыру үшін жеке медициналық деректерді жинау, өңдеу және сақтау пациенттің келісімімен жүзеге асырылады (60-бап). Денсаулық сақтау жүйесінде медициналық ұйымдардың медициналық қызмет көрсету деңгейі бойынша (емханалар, ауруханалар және т.б.), сондай-ақ профильдер бойынша (онкологиялық диспансерлер, перзентханалар және т.б.) бөлінеді. Соған сәйкес, бір адам өмірі бойы емдеу-диагностикалық үдеріс аясында әртүрлі деңгейдегі және профильдегі медициналық ұйымдарда медициналық көмек ала алады. Пациенттердің денсаулық сақтау жүйесіндегі бұл миграциясы денсаулық пен көрсетілетін медициналық қызметтер туралы мәліметтердің бөлінуіне әкеледі. Деректердің бөлінуі – дәрігерге диагноз қоюға және емдеу тактикасын анықтауға қажетті ақпараттың жетіспеушілігіне әкеледі. Осыған байланысты жаңа Кодексте жеке медициналық мәліметтерді Ұлттық электронды денсаулық паспортына беру туралы норма енгізілді. Айта кету керек, жеке медициналық мәліметтерге қол жеткізу, олар қандай ақпараттық жүйеде болатынына, медициналық ұйым деңгейінде болсын немесе ұлттық ЭПЗ-да болсын, адамның келісімімен жүзеге асырылады (61-бап). Ұлттық денсаулық паспортында мәліметтерді жинау пациенттердің денсаулығы туралы нақты, заманауи және толық ақпаратты қамтамасыз етеді.