Титулдық жекпе-жек өткізеді
Титулдық жекпе-жек өткізеді
218
оқылды

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшылар Рай Сейітжанов (8-0, 5 КО) пен Талғат Шәйкен (6-0, 4 КО) титулдық жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы спортшылармен жұмыс істеп жүрген Tukeshov Boxing Promotions промоутерлік компаниясы хабарлады.

Сейітжанов пен Шәйкеннің белбеу үшін айқасы желтоқсан айында өтеді. Жекпе-жектің қай жерде және қай титулдар үшін болатыны әзірге белгісіз. Қазір екі боксшы да Лондондағы (Ұлы­британия) ринг төріне қайтадан оралуға дайындықтарын жалғас­тыруда. Еске сала кетейік, Талғат пен Рай соңғы жекпе-жектерін 26 қазанда өткізген. Шәйкен екінші раундта отандасы Омар Марабаевты (1-10), ал Сейітжанов өзбек боксшысы Умурбек Бекназаровты (1-4) жеңген болатын.

А.ЖАСАН