Бүгін Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Фото: jana-kezen.kz
186
оқылды
Бүгін Қазақстанның көптеген қалаларында метеорологиялық жағдай қолайлы болады, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі. 5 қараша күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады. Тек Алматы, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды және Теміртау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.