Әлем чемпионаты: бүгін боксшы Махмұд Сабырхан мен Теміртас Жүсіпов сағат қаншада рингке шығады?
Әлем чемпионаты: бүгін боксшы Махмұд Сабырхан мен Теміртас Жүсіпов сағат қаншада рингке шығады?
Фото: gurk.kz
323
оқылды

Бүгін финалда Қазақстанның екі боксшысы Махмұд Сабырхан (54 келі) мен Теміртас Жүсіпов (48 келі) шаршы алаңға шығады.

Махмұд Сабырхан жапониялық Томоя Цубоимен қолғап түйістірсе, Теміртас таиландтық Вуттичай Юрачаймен кездеседі.

Бүгін жекпе-жекте шығатын боксшылар тізімі:

  • 48 келі. Теміртас Жүсіпов (Қазақстан) – Вуттичай Юрачай (Таиланд)
  • 54 келі. Махмұд Сабырхан (Қазақстан) – Томоя Цубои (Жапония)
  • 60 келі. Абдумалик Халоков (Өзбекстан) – Софьян Умиа (Франция)
  • 67 келі. Севонрец Окадзава (Жапония) – Омари Джонс (АҚШ)
  • 75 келі. Йоэнлис Эрнандес Мартинес (Куба) – Джамбулат Бижамов (Ресей)
  • 86 келі. Кено Мачадо (Бразилия) – Лорен Альфонсо Домингес (Әзербайжан)
  • 92 келіден жоғары. Давит Чалоян (Армения) – Марк Петровский (Ресей).

Жекпе-жек Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 23:00-де басталады. Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.