Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 4 қараша күні Шемонаиха ауылында болған.
Перзентханада босанған әйелдің сәбиі шетінеп кетті.Перзентханаға жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.«Аудандық аурухана қызметкерлеріне абайсызда баланың өліміне әкеп соққан медицина мамандарының кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», – деді полицейлер.
Бұған дейін Өскемендегі ана мен бала өлімі туралы жазған болатынбыз.