"Әр қазақ жалғызым". Дикий Арман боксшыларға ақша таратуға қатысты мәлімдеме жасады
"Әр қазақ жалғызым". Дикий Арман боксшыларға ақша таратуға қатысты мәлімдеме жасады
Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев Қазақстан құрамасы боксшыларына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әлеуметтік желіде Жұмагелдиевтің Олимпиада чемпионы, қазір мемлекеттік жаттықтырушы және Қазақстан Бокс федерациясының вице-президенті Бақтияр Артаевпен бірге мәлімдеме жасаған видеосы тарады. Видеода Арман Жұмагелдиев әлем чемпионатына AIBA ұйымының құрметті қонағы ретінде келгенін және боксшыларға ақша таратқаны олардың меселі қайтпау үшін жасалған игілікті іс екенін айтып, "әр қазақ жалғызым дегендей, бұл қолдау, мұны жақсы жағынан түсініңіздер" деп түйіндеді. Одан кейін Бақтияр Артаев та бұл боксшыларды қолдау үшін жасалғанын, "кім қайда жүрсе де, бір елдің баласымыз, сондықтан бірлікте болу керекпіз" деп пікір білдірді.