Алматыда Гарвард университетінің студенті жұмбақ жағдайда көз жұмды
Алматыда Гарвард университетінің студенті жұмбақ жағдайда көз жұмды
© azattyq-ruhy.kz
240
оқылды

Алматыда Гарвард университетінің студенті Ақназар Қажымұраттың мәйіті табылды,  деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.

2018 жылы жас ғұлама,  физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Гарвард университетіне түскен. Ата-анасы оның із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлаған.
«2001 жылы туған Қажымұрат Ақназар Арманұлы 3 қарашада Алматыда кездесуге кеткен. Соңғы рет кешкі сағат  20:27-де әжесімен сөйлескен», - делінген хабарламада.
Студент Алматыда академиялық демалыста болған. Алматы Полиция департаменті жас жігітті табу үшін іздеу тобы құрылғанын хабарлады.
«Жас жігіттің денесін бүгін ПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері Бостандық ауданы аумағынан тапқан. Мәйіттен зорлық белгілері анықталған жоқ. Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама анықталды. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Полиция департаменті.
Қазақстандық вундеркинд математика мен физикадан белгілі олимпиадаларда жеңіске жеткен.