Дәрігерлер жүкті әйелге үш рет ота жасап, аман алып қалды

Дәрігерлер жүкті әйелге үш рет ота жасап, аман алып қалды

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі өкілінің айтуынша, жүкті әйел кеше қалалық перзентхананың қабылдау бөліміне жүктіліктің 39-аптасында ауыр жағдайда келген.

Іштің өткір ауырсынуына шағымданған әйел жедел операция бөліміне ауыстырылған. Атырау қалалық перзентханасының директоры Гүлзейнеп Дүйсіпованың айтуынша, салмағы 4 келі болатын нәресте аман. Операция кезінде дәрігерлер босанған әйелден гангренозды аппендицитті анықтады және оны хирургтар алып тастады. Сондай-ақ науқаста кіндік жарығының бұзылуы байқалды, оған да ота жасалды.

Қазір үш операциядан кейін ана мен бала өзін жақсы сезінеді. Бала емшек сүтімен қоректенеді.