«Жастар» саябағына заманауи дәретхана салынды
«Жастар» саябағына заманауи дәретхана салынды
182
оқылды
Сарқан қаласының тұрғындары «Халыққа көмек» жобасы аясында «Nur Оtan» партиясы Сарқан аудандық филиалына қаладағы жастар саябағына заманауи дәретхана салып беру туралы ұсыныс білдірді. Осы мәселе бойынша "Nur Otan" партиясы Сарқан аудандық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Абдрахманов Алматы облыстық мәслихат депутаты Р.Қожасбаевпен хабарласып, қала тұрғындарының ұсынысын жеткізді. Осылайша, бұл ұсыныс қолдау тауып, облыстық мәслихат депутаты Р.Қожасбаевтың демеушілігімен құны 3 млн теңге болатын заманауи деретхананың құрылыс жұмыстары басталды. Сарқан қаласының тұрғындары алғыс білдірді.  width=