Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
© exk.kz
5,106
оқылды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 6-8 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер мәліметінше, демалыс күндері антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде құрғақ және жайма-шуақ ауа райы қалыптасады. Бұл ретте антициклон температураның біртіндеп көтерілу үрдісін сақтап қалады. Тек 7-8 қарашада Солтүстік-Батыс циклон әсерінен Қазақстанның батыс өңірлеріне жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.
"Батыста ауа температурасы түнде 5 градус аяз 5 градус жылы, күндіз 5-15 градус жылы, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және республиканың шығысында ауа температурасы түнде 3-11 градус, күндіз 1-8 градус жылы, еліміздің оңтүстігінде түнде 1-10 градус, күндіз 3-12 градус жылы, оңтүстік-шығыста түнде 5-15 градус, күндіз 3 градус аяз – 8 градус жылы болады" делінген хабарламада.