Қостанай тұрғынының есепшотына банк жүйесіндегі ақауға байланысты 416 миллион теңге түскен. Бірақ осының өтеуіне ол бас бостандығынан айырылып отыр.
55 жастағы кәсіпкер өз шотына 500 мың теңге салып, кейін оны тауар төлемі ретінде басқа шотқа аударған екен. Алайда біраз уақыттан кейін картаға толассыз ақша түсе бастапты. Екі күн ішінде шотқа жалпы 416 миллион теңге түскен. Бұл банк жүйесіндегі ақауларға байланысты болған. Ал кәсіпкер болса ақшаның қайдан түсіп жатқанын білуге тырыспапты. Керісінше, қаржыны бейжай жұмсап, таныстары мен туыстарына аударған. Ақыры кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, сот оны 7 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.Мадияр ТӨЛЕУ