Қос азаматтығы барлар азаймай тұр
Қос азаматтығы барлар азаймай тұр
247
оқылды

Биыл жыл басынан бері қос азаматтығы үшін 80-нен астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл – тек ШҚО Бесқарағай Полиция бөлімшесінің көші-қон қызметінде тіркелген факт. Зейнет жасындағылардан бөлек, қос азаматтық алып жүрген жастар да бар екен. Таяуда соның бірі ұсталды.

«24 жастағы қыз 2021 жылдың мамыр айында Томск қаласында Ресей Федерациясының азамат­тығын алған, алайда осы уақытқа дейін бұл факт туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер ор­ган­дарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін хабардар етпей, сондай-ақ ҚР азаматының паспорты мен жеке куәлігін тап­сырмаған, осылай Қазақстан заңнамасын бұзды. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімі бойынша 200 АЕК айыппұл төлейді», – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. Шетелдіктен ҚР азаматының жеке куәлігі мен паспорты алынып, Қазақстан Респуб­ликасы­ның азаматтығынан айыру туралы шешім шықты. Көші-қон қызметі Қазақстан Респуб­лика­сы­ның Конституциясына сәй­кес, елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін және көші-қон заңнамасын сақтауды сұрай­тынын тағы еске салып отыр.

М.ХАҚНАЗАР