Қазақстанның үш өңірінде тұрғын үй жалдау бағасы 30% өсті
Қазақстанның үш өңірінде тұрғын үй жалдау бағасы 30% өсті
Сурет: depositphotos.com
154
оқылды
Бір жыл ішінде тұрғын үйлерді жалдау бағасы 19% өсті. Ал Қазақстанның үш өңірінде бұл баға 30%-ға артқан, – деп хабарлайды Energyprom.kz сайты. 2020 жылдың осы уақытымен салыстырғанда тұрғын үй жалдау бағасы бірден 18,5% өсті. Ал былтыр бұл көрсеткіш тек 9,8% өскен еді. Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш 4,2%-дан бастап, 37,4%-ға дейін жетті. Сондай-ақ, Алматы (35%) мен Шымкент қалаларында (33,8%) бағаның айтарлықтай қымбаттағаны байқалады. Тамызда тұрғын үй шаршы метрі 1 877 теңге болып, жалдау бағасы 2,1%-ға өсті. Ал қыркүйекте Нұр-Сұлтанда шаршы метрі – 3 443 теңге, Алматыда – 3 062 теңге, Ақтауда – 2 359 теңге және Түркістанда 2 307 теңге болды. Ең төмен баға келесі үш өңірде тіркелді:
  • Таразда шаршы метрі – 1 370 теңге;
  • Қызылордада – 1 398 теңге;
  • Семейде – 1 452 теңге.