Шымкентте төбелескен шенеуніктердің кім екені белгілі болды
Шымкентте төбелескен шенеуніктердің кім екені белгілі болды
Сурет: "Отырар" сайтынан алынды
288
оқылды

Шымкент қалалық экология департаментінің басшысына қатысты қызметтік тексерістің алдын ала қорытындысы айтылды. Бұған дейін әлеуметтік желіде қаланың бас экологі төбелесті деген видео жарияланған болатын, – деп хабарлайды "Отырар" басылымы. 

Мемлекеттік қызмет істері департаменті, бейнедегі азаматтар экология департаментінің басшысы Оразғали Егемдердиев пен оның қоластындағы қызметкері екенін растады. Алайда видео тарағаннан бір апта бұрын Егембердиев жұмыстан кету туралы арыз берген. Ал қоластындағы қызметкері оған дейін жұмыстан шығып кеткені анықталды. Оразғали Егембердиев қаланың бас экологі қызметінен әлі босатылған жоқ. Себебі арызға әлі қол қойылмаған.
«Сол жарияланардан бір апта бұрын арыз жазған екен. Босатуды сұраған. Сөйте тұрып жұмысқа шықпай кеткен. Енді оның жанындағы қызметкері Сарбасов деген азамат басқа жұмысқа ауысуына байланысты орнынан босатылған екен. Ал Егембердиев осы уақытқа дейін жұмысқа шықты деген ақпарат жоқ», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Әли Көмекбаев.