Бірнеше өңірде ескерту жарияланды-06.11.2021
Бірнеше өңірде ескерту жарияланды-06.11.2021
Фото: pixabay.com
123
оқылды
"Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады. Ақмола облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, өңірдің солтүстігінде, солтүстік-батысында жел тұрады, екпіні 15-20 м/с. Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, солтүстікте және облыс орталығында 15-20, күндіз ал солтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады, шаңды дауыл тұрады. Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с болады. Түркістан облысының тау бөктерінде және оңтүстік аудандарында 7 қарашада түнде және таңертең тұман түседі. Шымкентте 7 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.