Президент бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлерін құттықтады
Президент бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлерін құттықтады
Фото: ehonews.kz
161
оқылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт  Тоқаев 2021 жылғы әлем чемпионатында жүлде алған боксшыларды құттықтады. "Бокстан әлем чемпионатында алтын алған Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосыновты, күміс олжалаған Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржановты және ұлттық құрама капитаны, қола жүлдегер Абылайхан Жүсіповті шын жүректен құттықтаймын! Елдің атын шығарған ерлерімізге табыс тілеймін!", – деп жазды Мемлекет басшысы Твиттердегі парақшасында.