«Қола дәуірінен өтіп, алтын дәуіріне келдік» – Бақтияр Артаев
«Қола дәуірінен өтіп, алтын дәуіріне келдік» – Бақтияр Артаев
Фото: stan.kz
312
оқылды

Бокстан Қазақстанның мемлекеттік жаттықтырушысы Бақтияр Артаев Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы финалдық жарыс күніне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Express Qazaqstan.

"Құрметті отандастар! Қола дәуірінен өтіп, алтын дәуіріне де келдік. Осы әлем чемпионатының дайындығына Ұлттық Олимпиада комитеті мен Қазақстан Бокс федерациясының басшылары орасан зор үлес қосты. Соның арқасында жігіттеріміз жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Финалдың бірінші күнінде екі жігітіміз жұдырықтасты. Біреуі алтын, екіншісі күміс алды. Бұл да оңай жетістік емес», – деді ол. Бұдан кейін Қазақстаннан Сәкен Бибосынов пен Серік Теміржанов шаршы алаңға шықты. Жалпы, Қазақстан Белградта өткен әлем чемпионатында 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль алды.