Қарағанды облысы ТЖ департаментінде шахтада болған оқиғаға байланысты жедел желі іске қосылды, - деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Қарағанды облысы ТЖ департаментінде шахтада болған оқиғаға (метан газының кенеттен шығуы) байланысты жедел желі іске қосылды: 8 (7212) 51-11-10, 8 (7212) 51-72-23. Шахтада барлығы 64 жұмысшы болды. 56 адам бірден өзін-өзі эвакуациялады. Оқиға орнында қалған 8 қызметкердің 6-ауы қайтыс болды, 2-еуі жарақат алды. Көз жұмған жұмысшылардың тізімі: 1. Шмидт Виталий Владиславович, 1979 ж.т., проходчик; 2. Скитченко Николай Николаевич, 1968 ж.т., техника қауіпсіздігі бойынша желдетудің тау-кен шебері горный мастер вентиляции по технике безопасности; 3. Абдуллин Наиль Рамильевич, 1990 ж.т., проходчик; 4. Супрунов Алексей Анатольевич, 1987 ж.т, учаске бастығының көмекшісі; 5. Краус Сергей Юрьевич, 1983 г.р., тау-кен қазу машиналарының машинисі; 6. Корниенко Сергей Анатольевич, 1971 г.р., тау-кен қазу машиналарының машинисі. Жарақат алған жұмысшылардың тізімі: 1. Маралбаев Женис Мерекеевич, 1963 ж.т., проходчик; 2. Зейналов Элайдар Абезоглы, 1960 ж.т., проходчик. Жарақат алған екі жұмысшы Қарағанды қаласындағы Мақажанов атындағы жалпы медициналық орталыққа жеткізілді (жағдайлары ауыр). Сағат 12.37-де ТЖ-ны жоюға жұмылдырылған "КӘАҚҚ республикалық орталық штабы" ЖШС ҚФ (15 қызметкер), ТЖД (3 қызметкер және 2 бірлік техника), Апаттар медицинасы орталығы филиалының (3 қызметкер және 1 бірлік техника) күштері мен құралдары қайтыс болғандарды шахтадан шығарып алды. Қазақстанның ТЖМ кәсіпорындарды жұмысты қауіпсіз жүргізу қағидаларын сақтауға шақырады. Еске салсақ, 7 қараша күні сағат 08:37-де Абай қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Абай КД шахтасында желдеткіш Штрек 3-К10 түбінде метан газы кенеттен шықты. Шахтада барлығы 64 жұмысшы болды. 56 адам бірден өзін-өзі эвакуациялады.