Қарағандыда басшысына оқ атқан ер адам ұсталды
Қарағандыда басшысына оқ атқан ер адам ұсталды
Фото: orda.kz

Дереккөздің жазуынша, 27 қазанда сауда орнында атыс болған.

«Полицейлер кәсіпорында ЖШС-нің 30 жастағы директоры мен белгісіз ер адам арасында жанжал туындағанын анықтады. Қызметкер басшысына «Оса» травматикалық тапаншасынан оқ атқан. Жәбірленуші оқтан жарақат алса да, ауруханада емделуден бас тартты», – деді полицей.

Оқиғаға қатысы бар 29 жастағы күдікті ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Тапанша тәркіленді. Тергеу жүргізіліп жатыр.