Мемлекет басшысы Қарағанды облысында қаза болған шахтерлердің отбасыларына көңіл айтты, - деп хабарлайды Ақорда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы "Абай" шахтасында метан газының жарылуы салдарынан қаза тапқан шахтерлердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді."Мемлекет басшысы Үкіметке шахтерлердің отбасыларына көмек көрсету жөнінде тапсырма берді. Болған оқиғаның анық-қанығын анықтау мақсатында үкіметтік комиссия құрылды", - делінген ресми хабарламада.Министр Юрий Ильин бастаған Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері апат болған жерде тиісті жұмыстарды жүргізуге кірісті.