Абай шахтасындағы 6 адамның өлімі: полиция тергеу бастады
Абай шахтасындағы 6 адамның өлімі: полиция тергеу бастады
Сурет: depositphotos.com
224
оқылды

Алты адам қаза тапқан Абай ауданындағы шахтада төтенше жағдай дерегі бойынша соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Абай ауданындағы шахтада метан газының жарылуы дерегі бойынша ҚР ҚК 277-бабы 3-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", - делінген полиция хабарламасында.
Осы бапқа сәйкес, кінәлілер үш жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қарағанды облысы Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көңіл айтты. Еске салсақ, 7 қараша күні сағат 08:37-де Абай қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Абай КД шахтасында желдеткіш Штрек 3-К10 түбінде метан газы кенеттен шықты. Шахтада барлығы 64 жұмысшы болды. 56 адам бірден өзін-өзі эвакуациялады.