Ақтауда жарылыс болды – видео
Ақтауда жарылыс болды – видео
196
оқылды

Маңғыстау облысының Ақтау қаласында жарылыс болып, ғимарат қирады. Әлеуметтік желіде Ақтау қаласында жарылыс болғаны туралы хабар тараған.

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті бұл мәліметті растады.
«Сағат 22.25-те Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Ақтау қаласы, №29 «а» шағын аудан мекенжайы бойынша жарылыс болғаны туралы ақпарат келіп түсті. Белгісіз жағдайда болған жарылыс салдарынан құрылыс түгел қираған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Жарылыстың себебі мен бұзылу аймағы нақтыланып жатыр» делінген Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
https://www.youtube.com/watch?v=e3Gsb8umhzg&feature=emb_title Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 5 техникасы мен 17 қызметкері, «Апаттық медицина орталығы» мекемесінің 3 қызметкері мен 1 техникасы аттанғаны хабарланды.