Шахтадағы жарылыс: дәрігерлер зардап шеккендердің денсаулығы туралы айтты
Шахтадағы жарылыс: дәрігерлер зардап шеккендердің денсаулығы туралы айтты
Фото: liter.kz
251
оқылды

Апаттан зардап шеккен кеншілер реанимациядан Қарағанды облыстық Мақажанов атындағы медициналық орталығының токсикология бөлімшесіне ауыстырылды.

«7 қарашада Мақажанов атындағы емханаға метан және көмірқышқыл газынан уланған 1960 және 1963 жылы туған екі науқас жеткізілді. Олар алғашқыда жансақтау бөліміне түсті. Науқастар бүгін өздерін жақсы сезінгендіктен, палатаға ауысты», – деді Мақажанов атындағы ОМС жағдай орталығының басшысы Ерік Шонбаев.

Бұған дейін апаттан қаза тапқандардың отбасына көрсетілетін көмек туралы жазған болатынбыз.