Қарағандылық әйел өзі 35 жыл бұрын тастап кеткен ұлымен қауышты
Қарағандылық әйел өзі 35 жыл бұрын тастап кеткен ұлымен қауышты
© polisia.kz
195
оқылды
Қарағанды облысының тұрғыны 35 жыл бұрын өзі тастап кеткен ұлымен қауышты, – деп хабарлады  Polisia.kz Бұқар жырау аудандық полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Гүлдана Үмітбаева өткен жылы Тұзды ауылында тұратын Галина Румянцевамен танысқан. 60 жастағы әйелдің құжаттары болмағандықтан, зейнетақы рәсімдей алмапты. Галина Михайловна жұмыс істемейтін әрі ішімдікке әуес қызымен бірге тұрған. Олар есепке қойылып, тұрмысы нашар отбасы санатына жатқызылған. Сол себепті үнемі полицияның бақылауында болыпты.
"Жағдай ушығып, биыл қызы қайтыс болды. Осыдан кейін зейнеткер далада қалды. Оның құжатын жасау үшін біз Галина Михайловнаны Қушоқы ауылындағы дағдарыс орталығына орналастырдық. Әйел туыстарын іздеп, маған бір ұлы бар екенін хабарлады. Бірақ ол баласын жеті жасқа келгенде тастап кетіп, тұрмысқа шыққан. Содан кейін анасы баласымен хабарласпаған. Мен оның баласы Сергей Румянцевті іздей бастадым", – дейді Гүлдана Үмітбаева.
Инспектор ер адамның қазіргі уақытта Қостанай облысындағы Придорожное ауылында тұратынын анықтаған. Галина Михайловна 35 жылдан кейін алғаш рет WhatsApp арқылы ұлымен байланысқан. Перзентін ұзақ уақыт көрмеген әйел көз жасына ерік берген. Жақында Сергей Бұқар Жырау ауданына келіп, анасын өзімен бірге алып кеткен.