9 қарашаға арналған ауа райы болжамы
9 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: hvylya.net
129
оқылды

Тек қана батыста, оңтүстікте жаңбыр, қар жаууы мүмкін. Еліміздің батыс, солтүстік-батыс, шығыс, оңтүстік-шығысында жел күшейіп, оңтүстік-батысында және оңтүстік шығыстың таулы аудандарында тұман түседі.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, оңтүстік-батысында жылдамдығы 25 м/с жетеді. Ақмола облысының солтүстігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында жел екпіні 15-20 м/с болады. Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал. Алматы облысының Алакөл көлдері аудандарында желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді. Түнде және таңертең Атырау облысының батысы мен орталығында, Маңғыстау облысында тұман түседі, күндіз Атырау облысының батысы, солтүстігі мен шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік батысында жел тұрады, екпіні – 15-20 м/с.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік шығысында, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстік батысында желдің күші 15-20 м/с болады.