Әуежайда ММА спортшысы есірткімен ұсталды
Әуежайда ММА спортшысы есірткімен ұсталды
Фото: twitter.com
132
оқылды

Аралас жекпе-жек өнерінің шебері, ресейлік Салман Жамалдаев Мәскеудің Внуково әуежайында есірткімен ұсталды.

Еркін және грек-рим күресінен спорт шеберінен Грозный қаласына ұшар алдында тексерістен өту кезінде есірткі тәркіленді. Қазіргі уақытта қосымша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Салман – панкратионнан Ресей чемпионы. Сонымен қатар ол жартылай орта салмақта WFCA және ACA белбеулерінің иегері атанған.