Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында мотоциклмен аударылған ер адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлім етті.
Олардың мәліметінше, мотоциклді өскемендік азамат басқарған.
- 51 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны HUSQVARNA 901 NORDEN маркалы мотоциклмен Алғабас ауылынан Тарғын ауылы бағытына қарай келе жатып, рульді басқара алмай, аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес ("абайсызда адам өліміне әкеліп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу") сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
