Алматыда 18 жастағы қызды өлтіріп, өртеп жіберген күдікті ұсталды
Алматыда 18 жастағы қызды өлтіріп, өртеп жіберген күдікті ұсталды
Фото: news.myseldon.com
255
оқылды

Алматы қаласында «Латифа» тұрғын үй кешенінде 18 жастағы бойжеткенді өлтіріп, өртеп жіберді деген күдікті ұсталды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті қамауға алынды.

«С. есімді күдікті Алматы қаласының маңында ұсталды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кешенді тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Бұған дейін Алматының орталығындағы «Латифа» тұрғын үй кешенінде 18 жастағы қызды өлтіріп кеткені туралы жазған болатынбыз.