Атыраулық полицейлер өзгелердің атынан онлайн несие рәсімдеп келген күдіктіні ұстады
Атыраулық полицейлер өзгелердің атынан онлайн несие рәсімдеп келген күдіктіні ұстады

Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері республика көлемінде өтіп жатқан Hi-tech жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде банк сайты арқылы өзгелердің атынан онлайн несие рәсімдеп келген Шығыс Қазақстан облысының 29 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Анықталғандай, жігіт микроқаржылық мекемелер арқылы интернеттен кездейсоқ адамдардың мәліметтерін тауып алып,  бірнеше ай бойы олардың атынан онлайн несие рәсімдеп келген. Несие мақұлданғаннан кейін ол өзіне Kaspi Bank, Halyk bank банкоматтары арқылы ақшаларын алып отырған.    width=

– Жедел іздестіру іс-шаралары барысында бірнеше алаяқтық жасады деген күдікті Семей қаласынан ұсталды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлімі, 4-тармағы,  ҚР ҚК-нің 190 бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, – деді Атырау облысы Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Полицейлер күдіктінің жалпы 300-ден астам алаяқтық жайтына қатысы бар екенін анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі бірнеше миллионнан астам теңгені құрады.

Күдікті қазіргі уақытта Семей қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.