«Nur Otan» партиясының Ақтау қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті.
Отырысқа «Nur Otan» партиясы АҚФ жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес төрайымы Нұрсұлу Сейдалиева, «Nur Otan» партиясы АҚФ СЖҚҚК төрағасының орынбасары А.Телегенова, кеңес хатшысы Мадияр Қалиасқаров, қалалық мәслихат депутаттары, СЖҚҚК мүшелері – Уайс Ерсайынұлы, Қанат Артықбай, ПБ ӘПБ жол және техникалық инспекция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Д.Исмайылов, Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Сарыев қатысты. Күн тәртібінде Ақтау қаласы 29 «а» шағынауданы №142-үй тұрғындарының 18.10.2021 жылғы өтініш хаты бойынша шағынауданға қатынайтын тасжолға байланысты мәселе қаралды. Ол бойынша ПБ ӘПБ жол және техникалық инспекция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Д.Исмайылов баяндама жасады. №27 автожол мен 29 «а» Шығыс-1 шағынауданы аралығындағы жол желісі 4 жолақты. Ал ҚР ҚНжЕ 1538-2007ж. 5.9 тармақшасында «Көлік жолдарындағы және көшелердегі жасанды ойлы-қырлылық кедергілері. Оларды қолдану және техникалық талаптарына» сәйкес, екі жолақтан асатын тасжолдарда «жасанды ойлы-қырлылық» қондырғысы қолданылмайтыны көрсетілген. Сонымен қатар көлік жүргізушілеріне тәуліктің қараңғы мезгілінде жаяу жүргіншілер өтпесіндегі жол белгілері мен жол таңбаларының көріну мүмкіндігін арттыру үшін екі бағыттан жарықтандыру құралын орнату, жол белгілерін жаңарту мәселесі айтылды. Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Сарыев жаяу жүргіншілер өтпесіндегі жол белгілері мен жол таңбалары бойынша түсінік беріп өтті.Би-Барыс КӨКШЕ