Жемқорлыққа қарсы кеңестің жиыны өтті
Жемқорлыққа қарсы кеңестің жиыны өтті
166
оқылды

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы Сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жө­ніндегі қоғамдық кеңестің 2021 жыл­ғы жұмыс жоспары бойынша оты­рысы өтті.

Аталған іс-шараға партия жанындағы Сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы М.Себасов және кеңес мүшелері, «Nur Otan» пар­тиясы МОФ Партиялық бақылау комис­сия­сының инспекторы А.Хибасов, АҚФ жа­нындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төра­ға­сы Н.Сейдалиева қатысты. Одан бөлек, Түпқараған ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясы Түпқараған ау­дан­дық филиалының төрағасы А.Қосуақов жә­не Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойын­ша департаменті Превенция басқармасының басшысы Қ.Байгебаев шақырылды. Күн тәртібінде Түпқараған ауданында «Сы­байлас жемқорылыққа қарсы іс-қимыл­дың 2015-2025 жылдарға арналған бағдар­ла­масын» орындау және ҚР Президентінің Қа­зақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс са­пасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жол­даудың төртінші бағытының іске асырылу жайы қаралды. Сондай-ақ жиын бары­сында «Nur Otan» партиясы жанындағы сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық Қоғамдық кеңес­тің 29 қыркүйек 2021 жылғы №001-09 қаулы­сы­ның 2.6-тармақшасына, 2015-2025 жыл­дар­ға арналған Жол картасының 21 тарма­ғына сәйкес, ЖАО мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың орындалысы талқыланды. Түпқараған ауданы әкімінің баяндамасы тың­далып, талқыланып, сұрақтарға толық жауап алынды. Семинар-кеңестің тақырыбы бойынша отырысқа қатысушылар сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.  

Би-Барыс КӨКШЕ