Жобалар жүзеге асырылуда
Жобалар жүзеге асырылуда
209
оқылды

«Nur Otan» партиясы Шымкент қа­лалық филиалы жанындағы Эко­номиканы дамыту және кәсіп­кер­лік­ті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес­тің көшпелі отырысы өтті.

Күн тәртібінде партияның сайлауалды бағ­­дарламасын іске асыру жөнінде бекі­тіл­­ген Жол картасының орындалуы бойын­ша Шымкент қаласының Кәсіп­кер­­лік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы атқарған жұмыстар қа­рал­ды. Отырысқа кеңес төрағасы Мақсат Аб­дукаримов және кеңес мүшелері, Кәсіп­кер­лік және индустриалды-инновациялық да­му басқармасы басшысының орын­басары Біржан Азимбердиев, «АЭА Оң­түс­тік» АҚ басқарма төрағасының орын­басары Ерболат Сариев қатысты. Арнайы экономикалық аймақта өткен көшпелі отырыс барысында «Nur Otan» пар­тиясы сайлауалды бағдарламасы аясын­да бекітілген Жол картасы бойынша құрыл­ған кәсіпорындардың жұмысы мен жаңа­дан ашылған тұрақты жұмыс орын­дары таныстырылды. Аталған бағытта басқарма тарапынан жыл соңына дейін жұмыстар жалғасатыны атап өтілді. Қоғамдық кеңес Жол картасында бе­кітіл­ген іс-шаралардың орындалуын ұдайы бақылауға алып, оның нәтижесі бойынша партия филиалына мәлімет ұсынып тұру жайын пысықтады.  

Би-Барыс КӨКШЕ