«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті.
Күн тәртібінде партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөнінде бекітілген Жол картасының орындалуы бойынша Шымкент қаласының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы атқарған жұмыстар қаралды. Отырысқа кеңес төрағасы Мақсат Абдукаримов және кеңес мүшелері, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Біржан Азимбердиев, «АЭА Оңтүстік» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Сариев қатысты. Арнайы экономикалық аймақта өткен көшпелі отырыс барысында «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасы аясында бекітілген Жол картасы бойынша құрылған кәсіпорындардың жұмысы мен жаңадан ашылған тұрақты жұмыс орындары таныстырылды. Аталған бағытта басқарма тарапынан жыл соңына дейін жұмыстар жалғасатыны атап өтілді. Қоғамдық кеңес Жол картасында бекітілген іс-шаралардың орындалуын ұдайы бақылауға алып, оның нәтижесі бойынша партия филиалына мәлімет ұсынып тұру жайын пысықтады.Би-Барыс КӨКШЕ