Шығыс Қазақстан тұрғыны екі ай бойы тоналып жүргенін білмеген
Шығыс Қазақстан тұрғыны екі ай бойы тоналып жүргенін білмеген
Фото: yandex.kz
155
оқылды

Риддер тұрғыны мүлкінің жоғалғанын екі айдан кейін полиция ұрыны тапқан кезде бірақ білген.

Риддер қаласында ер адам қыркүйек пен қазан аралығында бір пәтерге бірнеше рет ұрлыққа түсіп, ол жерден жалпы сомасы 1 200 000 теңге болатын тұрмыстық техника, алтын бұйымдарын алып шығып отырған. Алайда үй иесі заттарының жоғалғанын байқамаған. Риддер қаласының полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 29 жастағы ұрыны анықтады. Ол ұрланған заттардың қай пәтерден алып шыққанын айтқан.
"Жәбірленуші өзінің пәтерінен заттар мен алтын бұйымдар ұрланғанын біліп, аң-таң болған. Ол тіпті екі ай бойы пәтерінен заттардың жоғалғанын байқамаған", – деді облыстық полиция департаментінің басшысы Сағат Мадиев.
Ол полиция қызметкерлеріне жасалған қылмысты ашып, ұрланған заттарды қайтарғаны үшін алғыс білдірді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.