Балаларға Pfizer вакцинасын мектепте сала ма?

Балаларға Pfizer вакцинасын мектепте сала ма?

Министрдің айтуынша, балаларға коронавирусқа қарсы вакцина білім беретін мекемелердің егу пункттерінде салынады.

«Балаларға вакцина бұрыннан оқу орнындағы екпе егу пункттерінде, яғни білім беру мекемесінде салынады. COVID-19-ға қарсы вакцинация білім беру ұйымдарында және республиканың егу пункттерінде де жүргізілді. Вакцина балаларға ата-анасы келісім берсе ғана салынады», – деді министр.

Сондай-ақ ол вакцинаны 12-17 жас аралығындағы балалар, жүктіліктің 16-37 аптасы мерзіміндегі жүкті әйелдер, босанғаннан соң 42 күннен кейін бала емізетін әйелдер де салдыра алатынын айтып өтті.

Бұған дейін министр ревакцинация 22 қарашада басталатынын айтқан болатын.