Polisia.kz-тің хабарлауынша, елді алдаған Түркістан облысының тұрғыны ұсталды.
Төлеби АПБ-ға арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығын жеткізді. Жәбірленушінің айтуынша, биыл наурыз айында танысы «тендер алып беремін» деп сеніміне кіріп, бес миллион теңгесін алған. Алайда жылға жуық уақыт аралығында түрлі сылтау айтқан танысы ақшаны қайтармаған. Уәдесін де орындамаған.Полицейлер әйелдің бұдан басқа да тағы бір азаматтан бір миллион теңге алғанын әшкереледі.Полиция ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша арызды тіркеді. Күдікті әйел ұсталды. Алаяқ әйел ақшаны бас пайдасына жаратып жіберген.
Бұған дейін «Жер алып беремін» деген алаяққа сенген тұрғын ақшасынан айырылып қалғанын жазған болатынбыз.