Депутат Үкіметтен кеншілердің зейнет жасын қысқартуды сұрады
Депутат Үкіметтен кеншілердің зейнет жасын қысқартуды сұрады
Фото: m.ru.sputnik.kz
178
оқылды

Мәжілісмен Мақсат Раманқұлов таяуда Қарағанды облысындағы шахтада болған қайғылы оқиғаның салдарынан алты кенші қаза тапқанын еске алды. Оның айтуынша, бұл мәселе жүздеген метр жер астында немесе қызып тұрған металлургиялық пештердің жанында жұмыс істейтін адамдар үшін әлеуметтік әділеттілік мәселесін тағы да қиындатып жіберген.

«Мәселе құрбан болғандардың отбасыларына төленетін төлемдер мен өтемақылар туралы  емес. Оларөмірлерін  ешқандай ақша қайтара алмайды. Мәселе мынада, ешқандай жазатайым оқиға болмаса да бұндай кәсіптегі   жұмысшылардың көпшілігі зейнеткерлік жасқа дейін көптеген ауруларға шалдығып жатыды. Нәтижеінде, ол  өз мамандығы бойынша жұмыс істеу қабілетін жоғалтады. Тіпті көпшілігі зейнеткерлік жасқа дейін өмір сүрмейді», – деп атап өтті Раманқұлов.
Осыған байланысты «Ақ жол» депутаттық фракциясы кеншілер, металлургтер және басқа да мамандықтар үшін «1 және 2 тізімдер» бойынша зейнет жасын қайтаруды талап етіп отыр. Депутат бұған дейін осындай сауалға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтар 40 жастан бастап зейнетақы аннуитетін пайдалана алады. Ал мұндай келісім-шарт бойынша төлемдер 50 жастан басталады деп жауап бергенін атап өтті.

«Неге екені белгісіз, Еңбек министрлігі депутаттардың талаптарын жоққа шығарып, қолайлы нұсқаларды іздемейді. Мәселен, бұл тізімдерді қайта қарау және қысқарту арқылы қажетті шығындарды қысқартуға да әкеп соғады», – деді мәжілісмен.

Айта кетейік, 7 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Абай» шахтасында метанның бөлінуінен кенеттен жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 64 жұмысшы болған. Апат салдарынан екі кенші зардап шегіп, алты кенші қаза тапты. Тергеу басталды. 8 қарашада Ішкі істер министрлігінің басшысы күдіктілер әлі анықталмағанын айтты.

Нұрболат АДЫРБЕК, Алматы