Алматыда төрт көлік қақтығысып, үш айлық сәби зардап шекті
Алматыда төрт көлік қақтығысып, үш айлық сәби зардап шекті
Фото: Zakon.kz
308
оқылды
Куәгерлердің айтуынша, жоғары жылдамдықпен келген Ford автокөлігінің жүргізушісі тоқтай алмай алдында келе жатқан Mitsubishi Lancer көлігіне соғылған. Қатты соққыдан Lancer көлігі алдында тұрған Mitsubishi Monteroның артынан соғып, астына түсіп кіріп кеткен. Монтеро барып Фольксваген Пассаттың алдын жапырып кеткен. Жол апаты салдарынан Mitsubishi Lancer көлігінде болған үш айлық сәби ауыр зардап шекті. Жедел жәрдем дәрігерлерінің тексеруінен өткен сәби түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Нұрболат АДЫРБЕК, Алматы