Қостанай облысында екі жол апатынан төрт адам көз жұмды
Қостанай облысында екі жол апатынан төрт адам көз жұмды
© liter.kz
426
оқылды
Жангелді ауданында болған жол-көлік оқиғалары салдарынан Торғай ауылының жергілікті үш тұрғыны, ал Б. Майлин ауданында 23 жастағы ер адам қаза тапты, – деп хабарлайды Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«9 қараша күнгі сағат 15:00 шамасында «Арқалық-Торғай» күре жолының 59-шақырымында, Тауыш ауылының жанында «AUDI-80» көлігін жүргізіп келе жатқан 52 жастағы ер адам көлігін басқара алмай,  аударылып қалды. Апат салдарынан көліктің жүргізушісі, 50 және 56 жастағы жолаушылар, Торғай ауылының тұрғындары алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды. Арнайы сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жарақат алған жеті жасар қыз бала орталық аудандық ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады ведомство.
Сол күнгі сағат 17:00 шамасында «Қостанай-Қарабұтақ» күре жолының 102-ші шақырымында, Тобыл кентінен 8 шақырым жерде тағы бір жол-көлік оқиғасы болды.
«ВАЗ-2112 көлігін жүргізіп келе жатқан 23 жастағы ер адам көлігімен аударылды. Жол апаты салдарынан жүргізуші ауыр жарақаттар алып, Лисаков қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды. 17 және 28 жастағы жолаушылар ауруханаға жеткізілді», – деп түсіндірді полицияның баспасөз қызметі.
Аталған фактілер бойынша сот алдындағы тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.