Pfizer вакцинасы балаларға ертеңнен бастап егіледі
Pfizer вакцинасы балаларға ертеңнен бастап егіледі
© azattyq-ruhy.kz
137
оқылды
Бұл туралы Алматы қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова брифинг барысында мәлім етті.
Бүгінгі күні емханаларға бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мегаполисте Pfizer вакцинасы балаларға ертеңнен бастап салынады.
«Аталған вакцина үш категорияға бөлінген. Ол 12 – 18 жасқа дейін балаларға, жүкті әйелдерге (16-30 апта) және бала емізетін аналарға ғана салынады. Әзірге, халықтың басқа тобына бұл вакцина егілмейді»,- дейді Әсел Қалықова.
Сонымен қатар, ол Pfizer вакцинасының бір құтысы алты адамға арналғанын еске салды.
«Балаларына екпе ектіруге ата-аналардың 20% (30 мыңнан аса) дайын. Екпеге дейін де, кейін де балаларды дәрігер тексерісінен өтуі тиіс. Екпеден кейін бала басқа мекемеге ауыстырылады. Жарты сағат ол мекемеде балаларды басқа дәрігер бақылап отырады», - деді Қалықова.
Айта кетейк, Алматыға 46 800 доза бөлінді. Мұнда бірінші және екінші компонент бар. Вакциналау 21-28 күн аралығында жүргізіледі.